№5 орта мектебінде Абайдың 175 жылдығына орай «Абайды оқы, таңырқа...» атты, тоғызыншы сынып оқушыларының арасында қашықтық поэзия сағаты өткізілді. Мақсаты: халқымыздың дана ақыны, ғұлама ойшылы, сазгер Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен әндерінің таралуын насихаттау, бүгінгі ұрпақтарының Абай мұрасына қызығушылығын арттыру, оқып – білуге, тани түсуге ынталандыру. Оқушылардың сөйлеу, мәнерлеп оқу қабілеттерін, тіл байлықтарын, сөздік қорларын дамыту.
Абай Құнанбайұлы қазақ әдебиеті поэзиясындағы шоқтығы биік, дара да, дана тұлға. Абай қазақ поэзиясының өсіп, гүлденіп, жаңа сапаға жетуіне орасан зор еңбек етті. Ақын жас ұрпаққа терең ойға толы алуан өлеңдер үлгісін қалдырды. Осы шараға оқушылар белсенді қатысып, ақынның өлеңдерін өз бетімен талдап, түсінуге , мәнерлеп оқуға талап қылды. Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай дайындалған «Абайды оқы, таңырқа...» атты поэзия сағатына Деревянкова М, Гуринова Л, Нукенов А, Борисовскии К, Приходько Е, Туйжанова К, Рыбакова А, Манукян А, Свистова Т, Куракпаева К, Шагизиганов Р., Молдабай М., Балғанбекова А белсенді қатысқандарына алғысым мол. Қатысушыларға үлкен рахмет!
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Мустафина Б.К.