
Құрметті сайт қонақтары!
«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №5 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Үшінші мыңжылдық шеңберінде экономикалық және әлеуметтік серпілістің жетекші факторы адамдар, олардың ерік-жігері, энергиясы, табандылығы, білімі болып табылады, ал XXI ғасырдағы қоғам дамуының негізгі принципі бірінші кезекте білімділік деңгейімен айқындалатын ұлттың бәсекеге қабілеттілігі болады. Сондықтан бүгінгі мектеп міндеті оқушыларға көбірек білім беру ғана емес, балаларды өз бетімен білім алуға және оларды қолдануға үйрету. Алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру және негізгі білім беру қызметтерін орындау үшін мектеп ұжымы әріптестермен, ата-аналармен, оқушылармен, яғни мектеп қызметі мен проблемаларына бос қарамайтын адамдармен конструктивті диалогқа және ынтымақтастыққа дайын. Біздің Интернет-ресурста сіздер жаңалықтармен танысып, мектеп жұмысының барлық бағыттары бойынша толық ақпарат ала аласыздар.
Құрметпен, директоры Газиза Ануарбековна Кизкенова. КММ директоры. Қабылдау күндері дүйсенбі, сәрсенбі, жұма сағат 17: 00 бастап 18: 00 дейін. Сенім телефоны: 2-52-80
21.04.2026
«Менің балам – аутист»
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің сапасын арттыру мақсатында педагогтер мен мамандарға арналған кинолекторий өткізілді.
Іс-шара аясында қатысушыларға «Менің балам – аутист» деректі фильмі...
21.04.2026
Оқимыз және есте сақтаймыз!
«Балалар әдебиеті — рухани тәрбиенің бастауы» жобасы аясында мектепте дауыстап оқу сабақтары өткізіліп келеді. Олардың мақсаты — оқушылардың шапшаң әрі мәнерлеп оқу дағдысын дамыту, сөздік қорын кеңейту және жаңа білім алуына ықпал ету.
Жоспарға сәйкес...
21.04.2026
«Ақылды технологиялар әлеміне саяхат»
Мектепалды даярлық тобында «Ақылды технологиялар әлеміне саяхат» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты – балаларды ойын және танымдық әрекет арқылы заманауи технологиялармен таныстыру болды.
Сабақ балалардың қиялдағы болашақ әлеміне саяхатқа...
21.04.2026
Қорытынды аттестацияға дайындық
21 сәуір күні 9-сыныптарда орыс тілі пәні бойынша эссе-аргументация жазу дағдыларын дамытуға бағытталған кеңес өткізілді. Оқушылар дәлелді эссенің құрылымын қайталады: кіріспе, тезис, дәлелдер және қорытынды.
Әсіресе әдебиеттен, өмірден және жеке тәжірибеден алынған...
21.04.2026
«Болашақ мамандыққа қадам: көлік саласымен кездесу»
21 сәуір күні 9–11 сынып оқушылары үшін Астана қаласындағы М. Тынышпаев атындағы ALT көлік колледжінің өкілдерімен кәсіби бағдар беру кездесуі өткізілді.
Іс-шара барысында оқушыларға:
* көлік саласындағы заманауи және сұранысқа ие мамандықтар;
* колледжге түсу және...
20.04.2026
«Біздің айналамыздағы тазалық пен тәртіп»
20 сәуір күні бастауыш сынып оқушылары үшін «Біздің айналамыздағы тазалық пен тәртіп» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар мектепте және үйде тазалық сақтаудың маңыздылығын, жеке гигиена ережелерін, сондай-ақ қоршаған ортаға ұқыпты қарау...
17.04.2026
Педагогикалық кеңес қорытынды аттестаттау мәселелері бойынша
Мектепте білім алушылардың қорытынды аттестаттауын өткізу ережелерін зерделеу және түсіндіруге арналған педагогикалық кеңес өтті.
Отырыс мақсаты – педагогикалық ұжымды қорытынды аттестаттауды өткізу тәртібін реттейтін өзекті нормативтік құжаттармен таныстыру,...
16.04.2026
«Kahoot! Championship» цифрлық баттлы
16.04.2026 жылы №5 мектепте ағылшын тілі бойынша цифрлық баттл өтті. Оқушылар Kahoot! платформасында интерактивті ойын форматында өз білімдерін тексерді.
Іс-шара белсенді әрі қызықты өтті: қатысушылар жақсы білімдерін, жылдамдықтарын және зейінділіктерін көрсетті. Бұл шара...
15.04.2026
Жарыс
№5ЖОББМ командасы аудандық футбол жарыстарына дайындалып жатыр! Командамызға жеңіс тілейміз!
14.04.2026
Аутизм
Аутизм туралы ақпарат тарату айлығы аясында №5 жалпы білім беретін мектептің әлеуметтік педагогы мен педагог-психологы ата-аналарға (сұраныс бойынша) жеке консультациялар өткізді. Бұл консультациялар ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған...