Текст
Экологиялық алаңның бүгінгі жоспарына сай балалар көгалдандыру бойынша жұмыс жасап болған соң, Атбасар қаласының тарихи-өлкетану музейіне бейне ролик арқылы саяхат жасады. Олар этнографиялық залдағы ұлттық киім, ыдыс-аяқ, ағаштан және былғарыдан жасалған заттармен сондай-ақ қазақ этнографы Мейрам Жанайдаров өмірімен танысты.