«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша Атбасар қаласының №5 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ 2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер бойынша есеп ұсынады.
1. Жалпы ережелер
1. Қызмет көрсетуші туралы мәліметтер:
«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша Атбасар қаласының №5 жалпы орта білім беретін мектебі».
Заңды мекенжайы: Атбасар қаласы, Озёрная көшесі, №18 ғимарат.
2. Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
«№5 ЖОББМ» КММ білім беру саласында 12 мемлекеттік қызмет көрсетті.
2025 жыл ішінде«№5 ЖОББМ» КММ тарапынан 160 қызмет көрсетілді:
• «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы – 0 қызмет;
• электрондық форматта ПЭП (egov.kz) порталы арқылы – 78 қызмет;
• қағаз түрінде (қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы) – 78 қызмет;
• «Электрондық үкімет» веб-порталынан (www.egov.kz) бөлек, қызмет көрсетушінің «Ұстаз» ақпараттық жүйесі арқылы тікелей байланыссыз электрондық түрде, сондай-ақ қызмет алушымен тікелей байланыс жасап, өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы – 4 қызмет.
Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетілді.
3. Ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
Білім беру саласында ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:
• «Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау»;
• «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және қабылдау»;
• «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну»;
• «Балаларды бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»;
• «Педагогтерді аттестаттаудан өткізу үшін құжаттарды қабылдау»;
• «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету»;
• «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру».
Білім беру саласында көрсетілген 12 мемлекеттік қызмет:
— Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну;
— Жалпы білім беретін мектептердің, лицейлер мен гимназиялардың мектепалды сыныптарына құжаттарды қабылдау және қабылдау;
— Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына қабылдау;
— Мемлекеттік ұйымдардағы бос немесе уақытша бос лауазымға орналасуға конкурсқа қатысу үшін педагогтердің құжаттарын қабылдау;
— Мектепке қабылдау туралы өтінішті кері қайтарып алу;
— Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету;
— Білім туралы құжаттар жөніндегі мәліметтерді өзектендіру (түзету);
— Педагогтерді аттестаттаудан өткізу үшін құжаттарды қабылдау;
— Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру;
— Балаларды бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау;
— Денсаулық жағдайына байланысты ұзақ уақыт бойы білім беру ұйымдарына бара алмайтын балаларға үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау;
— Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және қабылдау.
2. Қызмет алушылармен жұмыс
1. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат көздері мен қолжетімділік орындары:
Қызмет алушыларға арналған барлық қажетті ақпарат
«№5 ЖОББМ»КММ ресми интернет-ресурсында http://sc0005.atbasar.aqmoedu.kz/content/gosudarstvennye-uslugi-754 «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Сонымен қатар мектептің ақпараттық стендінде мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары орналастырылған. Өзін-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер жобаларын жария талқылау туралы ақпарат:
«№5 ЖОББМ»КММ-де нормативтік құқықтық актілер әзірленген жоқ.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар:
2025 жылы «№5 ЖОББМ»КММ тарапынан БАҚ пен әлеуметтік желілерде 4 мақала және 2 тікелей эфир жарияланды. Ай сайын мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты ақпараттандыру жұмыстары бұқаралық ақпарат құралдары және интернет-ресурстар арқылы жүргізіледі.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында «№5 ЖББМ» КММ «ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мемлекеттік қызметтерін автоматтандыру» ақпараттық жүйесінде жұмыс жүргізуде, оның аясында 4 мемлекеттік қызмет қолжетімді.
1. Қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар:
«№5 ЖБОБМ» КММ-де мемлекеттік қызметтерді 4 қызметкер көрсетеді, олар қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген. 2024–2025 жылдары 3 қызметкер мемлекеттік қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау
1. 2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.
2. Қоғамдық мониторинг нәтижелері бойынша 2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу фактілері анықталған жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында бұзушылықтардың алдын алу шаралары қабылдануда.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және қызмет алушылардың қанағаттанушылығын көтеру перспективалары
2026 жылы «№5 ЖОББМ» КММ жеке тұлғаларға қолжетімді әрі сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету жұмысын жалғастырады.