Текст
Дидактикалық ойын-бұл мектеп жасындағы балаларды оқыту құралдарының бірі. Ол балалар үшін қолжетімді және тартымды қызмет түрі арқылы тәрбиелеу мен оқыту міндеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Осыған орай, бүгін бастауыш мектеп мұғалімдері оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, математика сабақтарында қолдануға болатын түрлі дидактикалық ойындарды жасау саласында жұмыс жасады.