Патриоттық тәрбие беру, оқушылардың Ұлы Отан соғысы туралы білімдерін кеңейту мақсатында Бастауыш сыныптарда Ұлы Жеңіс қарсаңында " Отан үшін күрес!"Ұлы Отан соғысының аяқталғанына көп жыл болды, бірақ оның жаңғырығы бүгінгі күнге дейін адамның жан дүниесінде тынышталмайды. Уақыттың өз жады бар. Балалар ҰОС-ға қатысқан туыстары туралы әңгімелер дайындап, хаттар, фотосуреттер мен мұралар әкелді. Оқушылар ҰОС-ның маңызды шайқастары туралы фильм көрді. Оқушылар Ұлы Отан соғысының батыр балаларымен, сондай-ақ ҰОС қазақстандық батырларының: М.Мәметова, А. Молдағұлова, Б. Момышұлы және басқа да батырлармен танысты. Ардагерлерге құрмет пен патриотизм туралы әңгіме жүргізді. Сынып сағаты барысында балалар біздің тарихымыздың қаһармандық оқиғаларын есте сақтау және бейбіт аспан үшін өмір сыйлағандарды еске алу қаншалықты маңызды екендігі туралы айтты. Сынып сағатының соңында" 9 мамыр - Жеңіс күні!".
Терентьева А. А.