"Жасыл белдеу" бағдарламасы және экология
Қазақ тілі мен әдебиеті апталығы аясында Б.К. Мустафина 10 "А" сынып оқушыларымен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ашық сабақ өткізді. Тақырыбы :"Жасыл белдеу" бағдарламасы және экология. Сабақта мұғалім оқушыларды тарту мақсатында жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес тиімді әдістерді шебер қолданды. Тапсырмалардың кезең-кезеңімен жұмысы жақсы ұйымдастырылған. Сабақ жоғары деңгейде өтті. Оқушыларды қызықтыруға көмектесетін көптеген тапсырмалар болды.
Жумашова А.М.