«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №5 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа №5 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік қабілеттерін арттыру»

11.10.2022

Абай Құнанбаевтың жетінші қара сөзіндегі «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біріншісі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Екіншісі – білсем, көрсем деп, ер жетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, «ол неге өйтеді?», «бұл неге бүйтеді?» деп көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді», - деген ой тұжырым оқушының биік танымдық қабілеті, тұрмыс-тіршіліктің сырын ұғуға деген талпыныс баланың ерте жасынан туындайтынына дәлел. Сондықтан оқушыны ізденушілікке, зерттеушілікке баулу бастауыш сыныптан басталуы тиіс.

Өйткені бастауыш сынып оқушыларының түрлі сөздіктер мен қызықты әдебиеттерді іздеп табуға, оқып танысуға деген құштарлығы басым болады. Баланы ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту - бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті болып саналады.

Оқушының танымдық өзгертушілік әрекеті зерттеушілік деп аталатын әдістің көмегімен жүзеге асырылады. Шығармашылық қабілетті дамытудың құралдары мен түрлі жолдарының арасында оқушының өзіндік зерттеу тәжірибесі өте тиімді болып табылады. Зерттеуші оқушы өзінің табиғатынан зерттеуге бейім келеді.

Зерттеудің қол жетімді әдістері:

  1. дербес ойлау
  2. кітаптан оқып білу
  3. интернет желісінен іздеп табу
  4. байқау
  5. эксперимент жүргізу

Педагогикалық үрдісте балалардың дарынын ашуда оқушы мен мұғалімнің ынтымақтастығы қажет. Бастауыш сыныптан бастап ізденушілікке баулыса, бала кішкентай кезінен өздігінен ой түйіп, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренеді.

Мұғалім бар мүмкіндіктерді пайдаланып, әрбір оқушының өз мүмкіндіктерін, қабілет және икемділігін таныта білуіне жағдай жасау – мұғалімнің басты міндеттерінің бірі. Мектепте оқушыны зерттеушілікке, ізденушілікке баули отырып, ғылым мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, өз жолдарын дәл табуға, ғылымға жетелеу арқылы өздерінің қабілеттерін ашуларына көмектесуіміз қажет.

Просмотров: 524


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст