Дұрыс тамақтану не үшін қажет? Әсіресе балалық шақта дұрыс тамақтану ақыл-ойдың өткірлігін, есте сақтау қабілетін, көңіл-күйін жақсартады, дененің дұрыс өсуі мен дамуына ықпал етеді, салмақ пен метаболизмді сақтауға көмектеседі, бұл ,әрине, кейінгі өмір сапасына әсер етеді. Мектепалды даярлық сыныбында «Дұрыс тамақтану және денсаулық»тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өтті. Балалар «Пайдалы және зиянды азық-түлік», «Жақсы-жаман» викторинасына қатысты, ойын барысында қуана-қуана «Егер жесем не болар еді»деген болжам жасады. Тәрбиеленушілермен дұрыс тамақтану, пайдалы тағамдар және салауатты өмір салты мәселелері бойынша әңгіме жүргізілді. Іс-шара соңында музыкалық ашық ойындар өткізілді, ескі ертегіні жаңа жолмен құрастыру «Шалқан пайдалы ма», суреттер мен бибабо қуыршақтарының көмегімен ертегілерден салат жасау. Іс-шара қызықты, танымдық, көңілді өтті, балалар белсенді болды және дұрыс тамақтану және салауатты өмір салты мәселелеріне қызығушылық танытты.
Мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі Л.В. Дюбкина