Текст
Бүгін мектебімізде Қазақстан халықтарының тілдері күніне және Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған мерекелік іс-шара өтті. Мектеп директоры Г.А.Кизкенова оқушыларды құттықтап, жылы лебізін білдірді. Тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін - келбеті, болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін - ана тілі мен ата дәстүрі. Оқушылар үш тілде өлең оқып, ән айтты, викториналық сұрақтарға жауап берді. Іс-шара достық атмосферада өтті.