Мемлекеттік тілді білу – Қазақстанда тұратын әрбір азаматтың парызы. 26 қараша күні 8 «А» сынып оқушыларымен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен «Су бар жерде дәулет бар» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Оқушылар судың адам өміріндегі пайдасы мен маңызын түсініп, өз көзқарастарын білдірді. Сондай-ақ оқушылар Қазақстанның су бассейндері жайлы жалпы мағлұмат алды.
Сабақ барысында өзге тілді оқытуда бірден - бір тиімді әдіс – коммуникативтік әдіс қолданылды. Коммуникативтік әдіс оқушылардың ауызекі сөйлеуін, қарым-қатынас жасауын, сұрақ - жауап жүргізуін, әңгімелесуін, сөйлеу қабілетін қалыптастырып, сөздік қорын молайтады, тілді дамытады. Оқушылармен жеке, топтық жұмыстар орындалды. Әр топ берілген тапсырмаларды мұқият орындап, жұмыстарын сынып алдында қорғады. Топтық бағалауда «Бас бармақ» әдісі қолданылды.
Алған білімдерін бекіту мақсатында оқушыларға тақырып бойынша сұрақтар қойылып, көбірік сөзге, іске тартып, белсенділігін арттыру жұмыстары жүргізілді. Сабақ барысында оқушылар аса белсінділік танытып, алған білімдерін қорытындылады.