«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №5 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа №5 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу - мемлекеттік жастар саясатының басым бағыты

18.09.2019

Патриотты тәрбиелеу – Отанға деген сүйіспеншілігі бар, оның гүлденуіне және дамуына ат салысатын азаматтық ұстанымы берік адамды қалыптастыру. 2018 жылдың қараша айында құрылған "Жас сарбаз" әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері осы күрделі және маңызды міндеттерді шешуге бағытталды. Қазіргі уақытта әскери-патриоттық клубтар мен "Жас сарбаз" сыныптары . 174 мыңнан астам баланы қамтып саны 6 мыңға дейін жетті. Әскери-спорттық клубтар мен мамандандырылған сыныптар еліміздің әр түрлі аймақтарында ашылуда. Облыстық, аудандық деңгейдегі әскери-спорттық бағыттағы конкурстарда10 жыл бойы бірнеше рет жүлделі орындар алған №5 орта мектептің тәрбиеленушілеріне Атбасар ауданында алғашқы мамандандырылған «Жас сарбаз» сыныбын ашу құрметіне ие болды. «Жас сарбаз» қозғалысының бірінші сатысына айналған «Бүркіт» әскери-спорттық клубының жетекшісі-АӘ және ТД-ның оқытушысы старшина Ж. А. Азарбакытов. Әскери іс дағдыларына 114 тәрбиеленуші оқытылды.

.. Аталған іс-шараның қонақтары: қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімінің бастығы подполковник Омарқұл Берік Асанұлы, "Атбасар ауданының білім бөлімі" Мемлекеттік Мекемесінің басшысы Наимушина Н. Г., 55/10 әскери бөлімінің ТӘҚЖ командирінің орынбасары Жакупов Айдос Советқалиұлы, Ауғанстандағы соғыс ардагерлері кеңесінің төрағасы Жаманбаев Сайдын Смагулович, интернационалист-соғыс ардагерлері – Кемиров Әділхан Жамбулович, Любицкий Валерий Иванович, Атбасар ауданының жалпы білім беретін мектептерінің АӘ және ТД мұғалімдері болды.

Азарбакытов Ж.

Просмотров: 466


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст