"Дене шынықтыру мұғалімін құттықтаймыз!"
Отан Қорғаушылар Күні қарсаңында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Баймендин Болат Мамбеталиевич білім беру жүйесіндегі адал жұмысы және кәсіби қызметінде қол жеткізген нәтижелері үшін марапатталды. Әріптесімізді Құрмет грамотасымен құттықтаймыз, шығармашылық және кәсіби жеңістер, дамудың әр сатысында табыс тілейміз.