Текст
3 «А» сыныбында «Funny English» атты Викторина өтті. 11 адамнан 2 команда жарысты. 1 - ші команданың атауы «Sweets», ал 2-ші «Toys» командасы. Викторина 5 кезеңнен тұрды: «Лексика», «Менің үйім», «Жұмбақтар, «Пазлдар», «Сурет салу». Әр раундта команда капитандары белгілі бір уақытта орындалатын тапсырмалары бар карточкаларды алып отырды. Тапсырмаларды қатесіз орындаған команда белгілі бір көлемде ұпай алады. Ең жоғары ұпай санын жинаған команда «Sweets» - І орын алды, «Toys» командасы ІІ – орынға ие болды.