Бүгін біздің мектепте "Жас Ұлан"ұйымының қатарына ең үздік оқушыларды қабылдау рәсімі өтті. Мектеп жасұландықтар мен жасқыраншылардың үлкен" армиясымен " толықтырылды. Олардың барлығы партриот болуға, еліміздің мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге және туған жерін сүюге ант берді. Жас жасұландықтар балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып, өздеріне үлкен жауапкершілік алатынын жақсы түсінеді. Сондықтан олардың әрқайсысы мектептің қоғамдық өміріне белсенді қатысып, үздік білім алуға ниетті. Қабылдау рәсімі мектептің өзін-өзі басқару Министрлер кабинетінің күшімен дайындалған концетрлік бағдарламамен сүйемелденді. Мектеп әкімшілігі мен педагогикалық ұжым балаларды салтанатты және маңызды оқиғамен құттықтап, мектептің қоғамдық өміріне табыс тіледі.