03.11.2021
Оқушылардың білім алуы тиімді, сапалы және пәнді одан әрі тереңірек меңгеруі үшін оқытудың маңызды бөлігі олқылықтарды жою жұмыстары болып табылады. Сондықтан демалыс кезінде де бұл жұмысты үзуге болмайды.
Бүгінгі күні 5-6 сыныптары үшін олқылықтардың орнын толықтыру бойынша математика пәнінен жүйелі қосымша сабағы өткізілді. Бұл сабақта оқушылар пән бойынша қиындық тудыратын күрделі тақырыптарды қайталап өз білімдерін жетілдірді. Күрделі тақырыптар бойынша топтық және жеке жұмыс барысында есептер шығарылып білім алушылар алған теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде толықтай пайдалана алды. Сабақ соңында оқушылар өтілген сабақ бойынша өз ойларымен бөлісіп, бүгінгі сабақта қайталанған ақпаратты толыққанды меңгергендері туралы қорытындыға келді.