Толық және дұрыс ұйымдастырылған тамақтану денсаулық үшін қажетті шарт болып табылады. Сондықтан, 24 қаңтарда бастауыш мектепте «Дұрыс тамақтану және денсаулық»тақырыбында сынып сағаттары өтті. Бүгін 2-Б сынып оқушылары С.Михалковтың «Нашар тамақтанған қыз туралы» өлеңін тыңдап, әңгімеге белсенді қатысып, жұмбақтар шешіп , салауатты өмір салты туралы кластер құрастырды. Бектемисова Салтанат, Галин Артем, Картайганова Диана, Ткачев Амир, Наукенова Аружан балаларға А, В,С,Д,Е дәрумендерінің құрамында қандай өнімдер бар екендігі туралы айтып берді. Соңында барлығы буклеттерде шығармашылық жұмыстарды орындады, сондай-ақ «Денсаулық дәрігері» кеңестерімен танысты.
Селина Н.В.