Текст
06.01.2026
ОШ №1 базасында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің аудандық отырысы өтті.
Отырыс барысында келесі мәселелер қарастырылды:
1. 1 және 2 тоқсандардағы білім сапасының салыстырмалы талдауы – оқу үлгерімінің көрсеткіштері талқыланып, нәтижелерді жақсарту бағыттары айқындалды.
2. 3-тоқсанға арналған жұмыс жоспарын құру – алда өтетін байқаулар, іс-шаралар және оқушыларды оларға дайындау мәселелері қаралды.
3. Педагогикалық өзара іс-қимыл – мұғалімдер тәжірибе алмасты, өзекті тақырыптар бойынша баяндамалар тыңдалды, инновациялық технологияларды қолдану арқылы шеберлік сабағы ұсынылды.
Таскунбаева А.