Текст
«Балалар кітапханасы» жобасы және «Балалар әдебиеті – рухани тәрбиенің негізі» атты іс-шаралар онкүндігі аясында, Білім күніне орай 7 «А» сыныбында «Көп оқыған — көп біледі» атты викторина өткізілді.
Викторинаның мақсаты – оқушылардың дүниетанымын кеңейту және сұрақтарға тез әрі дұрыс жауап беру дағдыларын дамыту. Оқушыларға әртүрлі білім салаларынан тапсырмалар ұсынылып, олар қызығушылықпен және белсенді түрде жауап берді.
Іс-шара достық атмосферада өтіп, оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға және оқуға деген қызығушылығын дамытуға ықпал етті.
Кітапханашы – Суфтина Т.А.