«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №5 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа №5 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Оқимыз және есте сақтаймыз!

21.04.2026



«Балалар әдебиеті — рухани тәрбиенің бастауы» жобасы аясында мектепте дауыстап оқу сабақтары өткізіліп келеді. Олардың мақсаты — оқушылардың шапшаң әрі мәнерлеп оқу дағдысын дамыту, сөздік қорын кеңейту және жаңа білім алуына ықпал ету.

Жоспарға сәйкес Зияткерлік күніне орай 5 «Б» сыныбында «Оқимыз және есте сақтаймыз» атты сабақ өтті. Сабақ барысында оқушылар «Ашылулар мен өнертабыстардың үлкен энциклопедиясы» кітабынан қызықты деректер оқыды. Балалар алғашқы трактордың қай жерде ойлап табылғанын және алғашқы метроның қайда салынғанын білді. Сондай-ақ олар парашютті кім ойлап тапқанын және адамдардың ыдысты қашаннан бастап қолданғанын анықтады. Оқушылар өрт сөндіргіштің ойлап табылуы туралы мәлімет тауып, алғашқы танкті Леонардо да Винчи жобалағанын білді. Бұдан бөлек, олар консерві банкілерінің, йогурттың және кеме шамдарының пайда болу тарихымен танысты.

Бұл кітап балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын дамытып, дүниетанымын кеңейтеді және маңызды ашылулар мен өнертабыстармен таныстырады.

Суфтина Т.А.

Просмотров: 340


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст