"Қазақстан халқының Тілдері күні" мерекесіне арналған онкүндік аясында мектеп кітапханасында орта сынып кітапханасының белсенді оқырмандарымен "Тіл және мәдениет" тақырыбында "дөңгелек үстел" іс – шарасы өтті. Дөңгелек үстел мемлекеттік тілді білуге деген қызығушылықты ояту, халықтың мәдени мұрасын зерделеу арқылы патриотизмге тәрбиелеу мақсатында өткізіледі. Лингвистикалық ой-өрісті кеңейту, оқырмандардың ақыл-ой белсенділігін арттыру. Оқушыларға мемлекеттік тілді үйрену туралы Әлеуметтік ролик көрсетілді. Оны көргеннен кейін балалар қойылған сұрақтарға жауап берді. Оқушылар атақты адамдардың әлемдегі тілдердің рөлі туралы айтқан сөздерімен танысып, өз пікірлерін білдірді. Сондай-ақ, оқырмандар "достық пен бірліктің делдал тілі"атты кітап көрмесін тамашалады. Бірнеше тілді білу қарым-қатынас шекарасын кеңейтеді, әртүрлі халықтардың мәдениеті мен дәстүрлерін зерттеу бірлік пен достыққа әкеледі деген қорытындыға келді.
Кітапханашы: Суфтина Т. А.