Текст
Қазақстан халқының Тілдер күні 5 қыркүйекте атап өтіледі және Қазақстан Республикасында тұратын барлық этностардың достығының, бірлігінің, мәдениеті мен тілдеріне құрметінің көрінісі болып табылады. Оқушылар тілдерді, басқа ұлттардың мәдениетін құрметтеп, тілдік дағдыларын жетілдіруге ұмтылатын еліміздің лайықты азаматы болудың маңыздылығын талқылады.
Сондай-ақ сынып сағаттарында оқушылардың назарына құқық бұзушылықтың алдын алу, электр қауіпсіздігі, қоғамдық көліктегі қауіпсіз мінез-құлық, терроризм, табиғи апаттар кезіндегі мінез-құлық ережелері, жыныстық қол сұғылмаушылық және мектеп формасын сақтау бойынша нұсқаулықтар жеткізілді.
Трофименко Ю. С.