5 қыркүйек Қазақстан Республикасында мереке – Қазақстан халқының Тілдері күні ретінде белгіленді. Мектеп кітапханасында "Тарих - тамыр, тіл – ғұмыр" көрмесі ұйымдастырылды. Онда қазақтың ұлы жазушылары, ғалымдары – Ахмет Байтұрсынов, Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсариннің кітаптары көрмеге қойылды. Қазақстан тарихы бойынша кітаптар – "Қазақстан тарихы – халықтар достығының тарихы", "Қазақстан халқы: Тарих және қазіргі заман", "Тарих және мәдениет". Көрменің эпиграфы – "Тіл – адамның жан дүниесінің кілті" деген мақалдан бастама алды. Көрменің мақсаты-ана тіліне және өз еліне деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеу, түрлі ұлттардың тілдері, дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту. Кітапханаға келіңіз, тарихты зерттеңіз, кітаптармен танысыңыз және кітап оқыңыз дегіміз келеді.
Суфтина Т. А.