«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №5 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа №5 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектептегі тамақты ұйымдастыру.

04.09.2024

Адамның денсаулығын, жоғары өнімділігі мен төзімділігін сақтаудың маңызды шарты-толық және дұрыс тамақтану. Мектеп жасындағы балалар үшін осы кезеңдегі өсу мен даму ерекшеліктеріне байланысты ерекше мән беріледі.
Біздің мектептің тамақтану жүйесі келесі міндеттерді қояды:
Білім алушыларды толыққанды ыстық тамақпен қамтамасыз ету:
Салауатты әдеттерді дамыту:
Тамақтану мәдениетін қалыптастыру.
Мектепте оқушылары тамақтанатын тағамның әр түрлі болуына және дәрумендер мен минералдардың қажетті мөлшерлі  болуына үлкен мән беріледі. Біздің мектепте тамақтануды ұйымдастыруды бақылау бойынша мониторингтік топ құрылып, жұмыс істейді.
04.09.2024 ж.ата-аналар қоғамының өкілдері, сондай-ақ 1-сыныптың ата-аналары мектеп асханасының кезекті мониторингінен өтті. Ата-аналар мен бракераж комиссиясының мүшелері асхананың жайын қарап, мәзірмен және азық-түлікті сақтау сапасымен танысты.
Комиссия бір күнге ұсынылған мәзірге сәйкес келетін тағамдардың дәмін көрді. Жүргізілген бақылау нәтижесінде асхана барлық санитарлық нормалар мен талаптарды сақтай отырып жұмыс істейтіні анықталды. Комиссияның барлық мүшелері тағамдардың, кондитерлік өнімдердің және сусындардың жоғары дәмдік сапасын атап өтті.

Просмотров: 489


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст