"Менің Отаным Қазақстан"
2 қыркүйекте № 5 ЖОББМ бастауыш сынып оқушылары арасында"Менің Отаным Қазақстан"тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өтті.
Іс-шара балалардың бойында Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне, еліміздің тарихи өткені мен халықтарының дәстүрлеріне құрметпен қарауға тәрбиелеуге бағытталған. Қазақстандық патриотизм мен өз Отанына деген мақтаныш сезімін тәрбиелеу, өз халқының тарихымен танысу, оқушылардың ой-өрісін кеңейту.
Бірыңғай сынып сағат ҚР Әнұранын орындаудан басталды. Әрі қарай оқушылар еліміздің рәміздерін еске алып, Н.Ә. Назарбаевтың "Менің Отаным – Қазақстан"кітабы бойынша виртуалды саяхатқа шықты.
Балалар көп нәрсені түсініп,игергеніне сенгім келеді. Өйткені, планетада өмір сүретін әрбір адам өз Отаны, өз халқы мен елі ,өз жері мен тарихы үшін мақтаныш сезімін сезінеді . Ал бүгінгі оқушылар өткенді есте ұстауы керек,жарқын болашақ құру үшін бүгінді білуі керек !
Сыздыкова Л. В