Қазіргі бүкіл әлемде ғаламторда оқытуды қолдану «Қашықтықтан оқыту» деп аталатын жаңа оқыту әдісін енгізді. Әркімнің қашықтықтан оқыту тәжірибесі әр түрлі. Қашықтықтан оқыту туралы күнделікті мақалалар мен жазбалар жазылуда. Пандемияға дейін қашықтықтан оқыту қазіргі кездегідей кең таралмаған. Бұған дейін тек әр түрлі курстар, вебинарлар, шеберлік сыныптары ғана болды. Бүгінгі таңда тек оқу ғана емес, көптеген бизнестер де қашықтықтан жұмысқа көшіп келеді. Және бұл тиімді болып саналады. Менің ойымша қашықтықтан оқу, жұмыс істеу заман талабы болып келе жатыр. Мен үшін ҚО жаңа жұмыс түрі. Балаларға да қызықты. Әрине қиындықтары да бар. Өз сабақтарымда Onlinemektep, Zoom платформаларын қолданамын. Мен үшін әрине Onlinemektep ерекше орын алды. Өте қолайлы және балалар үшін ұтымды. Бұл платформада сабақ түсінікті берілген, қосымша 9 тапсырмалары да бар, сонымен қатар балалармен бейне байланысқа да шығуға болады. Менің ойымша балаларға да, мұғалімдерге де өте ыңғайлы.
Қашықтықтан оқыту жаңа және заманауи. Мүмкін болашақта қашықтықтан оқыту қазіргі мектепте сыныптық білім беруді ауыстырады, ал студенттер компьютерде үйде отырып өздері оқытатын мұғалімдерді таңдай алады.
Жумашова А.М.