"Жас Сарбаз" сыныптары мен клубтары қызметінің басты мақсаты жастарды әскери қызметті атқаруға дайындау болып табылады. Сондай-ақ, азаматтық сезімді тәрбиелеумен байланысты оқушылар мен студенттік бастамаларға қолдау көрсетіледі. Қазіргі уақытта Қазақстанда жастар ұйымдарының, патриоттық клубтардың, қозғалыстар мен үйірмелердің өсуі байқалады. Олар балаларға дұрыс құндылықты сіңірудің және жарқын болашаққа жол көрсетудің балама жолы болып табылады. Осындай қозғалыстардың бірі қазақстандық балаларды әскери-патриоттық тәрбиелеуге бағытталған "Жас сарбаз" болып табылады. Бұл жерде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі де бар, себебі ол жастарды осы ұйымға кіруге шақырды. Оның пікірінше, ұлттық рухты қалыптастыру және еліміздің тарихын терең зерделеу басты міндеттердің бірі болып табылады.