Мақсаты: балалардың роботтарды құрастырумен айналысуға ынтасын қалыптастыру.
Міндеттері:
- роботтарды құрастыру және құрастыру туралы түсініктерді қалыптастыру;
- балалардың ғылыми-техникалық қызығушылығын дамыту; танымдық қабілеттерін дамыту;
- жинақылықты, ұйымшылдықты, ұқыптылықты, дербестікті тәрбиелеу.
Бүгін мектеп алаңда біз балалармен бірге робот туралы бейне фильм көрдік. Фильмді көру арқылы балаларроботтарды жасау, машинаның ғажайыптарын қалай құрастыру және олар адамға не үшін қажет деген сұрақтарға жауап алды. Балаларға қызықты және танымды болды. Бейненіфильмді көргеннен кейін, балаларғароботтар модельдерін өз бетінше жасау ұсынылды. Балалар үлкен қызығушылықпен қызықты тапсырманы орындады.
Тәрбиешілер: Баяхметова Г. И., Гельвих М. А.