Текст
Оқушыларға шет тілін оқытудың басты мақсаты – қарым-қатынас жасауды үйрену, яғни қарым-қатынастың басқа қатысушысын естуді үйрену, оның айтқан сөздеріне дұрыс әрекет ету және өз ақпаратын бере білу. Сондықтан диалогтық қарым-қатынас әр сабақта болуы керек. Бүгін сабақта балаларға әртүрлі ситуациялық тапсырмалар берілді, олар жұппен онлайн режимінде диалог құрастырды. Сабақтың мақсаты: тыңдалған диалог негізінде жаңа сөз тіркестерімен таныстыру.