Мақсаты: Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің элементтерін жасауға үйрету, олардан ұлттық кілемнің суретін құрастыру;
Міндеттері:
-шығармашылық ойлауды, қиялды, есте сақтауды, халықтық-қолданбалы өнерді зерттеуге қызығушылықтарын дамыту;
- эстетикалық талғамды қалыптастыру;
- қазақ халқының көркем мұрасына деген құрметке, отансүйгіштікке, еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Бүгін мектеп жанындағы алаңда біз балалармен қазақтың ұлттық ою-өрнектері туралы сабақ өткіздік. Қазақтардың ата-бабалары бір кездері малшы-көшпенділер болған. Көшпелі өмір салты жағдайында бірегей үй - киіз үй құрылды. Киіз үй тез құрылып тез жиналған, түйе мен жылқыға оңай тасымалданған. Іші жазда салқын, ал қыста жылы болды. Қазақтың дәстүрлі киіз үйіне алғаш рет кірген адам оның жасауы таң қалдырады. Теріден, ағаштан, металдан, сүйектен, матадан және жүннен жасалған кез - келген нәрсе ою-өрнекпен безендірілген. Қазақтар ою-өрнек әлемінде өмір сүретін сияқты. Ою-өрнек – ырғақты кезектесетін элементтерден тұратын үлгі. Ою-өрнекті «ата-бабалардың сиқырлы хаты» деп атайды. Оны неге осылай айтатынын балалар Ермағамбет пен Қарашаш батыр туралы аңыздардан білді. Балалар аңызбен және ою-өрнектердің түрлерімен танысқаннан кейін қазақтың ұлттық ою-өрнектерінен «сиқырлы кілем» жасады.
Тәрбиешілер: Баяхметова Г. И., Гельвих М. А.