Барлық ҰБТ тапсыру пункттерінде санитарлық шаралар күшейтіледі. Тестілеу пункттеріне кіру маскалық режимін сақтай отырып, кемінде 2 метр қашықтықты қатаң сақтау жүзеге асырылады.
Әрбір тестіленуші дезинфекцияның 5 кезеңінен өтеді:
- сыртқы киімді дезинфекциялау ерітіндісімен зарарсыздандыратын арнайы тоннель арқылы өту;
- санитарлық қызметкерлердің аяқ киім мен қолды дезинфекциялау процедурасы;
- термобақылау процедурасы. Жоғары температура анықталған жағдайда тестіленушіге кезекші бригада мен медицина қызметкерлеріне жедел кеңес беріледі;
- тексерушілер мен тестіленушілер арасындағы қашықтықты сақтай отырып сәйкестендіру рәсімі;
- респираторлық немесе әдеттегі медициналық маскаларды беру.
*
Тестілеу пункттерінің әрбір қабатының дәліздерінде санитайзерлер қойылады, ал беттермен жанасуды болдырмау үшін дәліздегі және аудиториялардағы барлық есіктер алдын ала ашық болады.
Тестіленушілерді отырғызу кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, аудиторияларды міндетті түрде желдетіп жүзеге асырылады.
*
Адамдардың жаппай жиналуын болдырмау үшін, сондай-ақ карантин шараларын сақтау мақсатында ата-аналарға ҰБТ-ға түлектерді әкелуге және оларды тестілеу өтетін ғимарат аумағында күтуге тыйым салынады. Ол үшін жергілікті атқарушы органдардың күшімен балаларды ҰБТ-ға тасымалдауды ұйымдастыру қамтамасыз етіледі, ал тестілеу пункттерінің аумақтарын құқық қорғау органдарының қызметкерлері қоршайтын болады.