Текст
№5 жалпы білім беретін мектеп базасында білім беру қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағының құқықтық жұмыс және БиОТ бөлімінің басшысы Р.Кидирбаевамен, білім беру қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Б.Әбдірахмановпен және Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Н. Наймушинамен кездесу өтті. Кездесуде білім беру кәсіподағынан 100.000 мың теңге көлемінде су тасқыны аймағында қалған 37 педагог қызметкерге көмек көрсетілді .Құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы Р. Кидирбаева қатысушыларды педагогтерді аттестаттау ережелеріндегі негізгі өзгерістермен таныстырды, сондай-ақ қызықтырған сұрақтарға жауап берді.