Текст
Отбасы - ол, Отаным бақ мекені,
Хақ тағала қияды ақ некені.
Отбасы - бір мемлекет шағын ғана,
Одан ұлы елдер де қап кетеді.
Тəрбиенің бастауы ыстық ұя,
Біз құрақпыз, ата - ана бір дария.
Ғылым білген ғалым да тағзым етер,
Отбасы, ошаққасы, ол - жанұя.
Том тарихты ақтарсаң Абай өскен,
Шаңырақтан жылылық желдей ескен.
Тəрбие мен бірліктің туы биік,
Татулық шықпасыншы үнемі естен.
Ұлт рухының айнасы саналатын,
Ол жаңарса мемлекет жаңаратын.
Отбасының байлығы ата - ана,
Қадірлейміз олардың ғазал атын!