Текст
14 сәуірде бастауыш сыныптарда «Тазалық-денсаулық кепілі» тақырыбында онлайн-сынып сағаты өтті. Балалар ойын түрінде жеке гигиена ережелерін сақтау туралы ақпараттармен танысты. «Дені сау тістердің құпиялары» әңгімесінен үзінді оқығаннан кейін сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, ылғалды жинау және бөлмені желдету, бөлме өсімдіктерін суару және олардың жапырақтарын ылғалды губкамен сүрту туралы айтылды. Балалар жеке гигиена туралы жұмбақтарды шешті. Белсенді қатысушыларға ой-пікірлер бейнеленген смайликтер жіберілді. Сынып сағатының соңында оқушылар сынып сағатының тақырыбына сәйкес қорытынды жасады: «Тазалық – денсаулық кепілі».