13.02.2024
Денсаулықты сақтау және нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша жұмысты жетілдіру мақсатында 4-сынып оқушылары арасында «Біз СӨС үшін» атты іс-шара өтті.
Сабақта балалармен ойын түрінде «дұрыс тамақтану», «жаман әдеттерге жол жоқ» тақырыбында әңгімелер өткізілді .
Жұмыстың топтық формасы эстафета түрінде өтті, онда балалар ептілік, тапқырлық, зейінділік және жылдамдық көрсетті. Сондай-ақ ,жұптық жұмыс жүргізілді ,онда оқушылар допты лақтыру мен аулауда ғана емес, сонымен қатар ұлттық ойындарды білуде де бақ сынасты. Допты қарсыласына лақтыру кезінде балалар ұлттық ойындарды атады .
Іс-шара барысында балалар барлық байқауларға белсенді және эмоционалды түрде қатысты.
Балалар сабақты «Өмірдегі ең бастысы-денсаулық» деген сөзбен қорытындылады.
Филонова В.В.