01.02.2024
Бүгін 1-сыныпта «Есептер»тақырыбы бойынша математика сабағы өтті. Балалар есептерді әртүрлі тәсілдермен шешті, бекіту кезеңінде қосу мен азайтудың өрнегін шешті. Сабақта мұғалім келесі әдістерді қолданды: ауызша есепті дамыту үшін «Шапалақ», «Келісемін - келіспеймін», тренажерлармен жұмыс, өзін-өзі бағалау. Жұмыс тақтаның жанында, жұпта және жеке түрде жүргізілді. Сабақта ең белсенді Агаркова Сумая, Аникеева Мария, Бекжанов Арсен, Нельднер Артем, Сулейманов Амир болды.
Бастауыш сынып мұғалімі
Гельвих М.А.