15.01.2024
Көптеген 4 «А» сынып оқушыларының сүйікті сабағы-дене шынықтыру сабағы.
«Допты жүргізу және беру» тақырыбындағы сабақ «Баскетболға негізделген ашық ойындар»бөлімі бойынша жаңа материалды үйренудің бастамасы болып табылады.
Сабақ құрылыс пен қауіпсіздік техникасынан басталды.Сабақтың негізгі бөлігіне оқушылардың физикалық қасиеттері, дағдылары жетілдірілген тапсырмалар кірді: допты бір қолмен иықтан, екі қолмен кеудеден беру техникасын бекіту, еденге соғу, допты әртүрлі тәсілдермен жүргізу. Жаттығуларды бекіту үшін эстафета өткізілді ,онда Богданец Илья, Гляделова Ксения, Костенко Кирилл, Андрианова Василиса ,Ершова Адилия, Фриз Артем тамаша дене шынықтыруды көрсетті.
Сыздыкова Л.В.