Текст
«Атбасар ауданы білім бөлімінің Атбасар қаласының № 5 орта мектебі» КММ 2019-2020 оқу жылының 4-тоқсаны шеңберінде қашықтықтан оқытуды тиімді енгізу мақсатында мектеп директоры Ш. Е. Бекмағанбетова «Zoom» білім беру платформасы арқылы ұйымдастырушылық жұмыс кеңесін өткізді. Оқушылардың АЖ болуын ескере отырып, оқу үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктері қарастырылды. Пән мұғалімдері қазіргі уақытта сабақ жүргізетін қажетті білім беру платформасын анықтады. Сынып жетекшілері қалған демалыс күндері педагогтармен кері байланысты ұйымдастыруы керек.