Текст
4 наурыз күні біздің мектепте 8 наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік өтті. Балалар осы күнді қуанышпен күтті. Олар өз аналарын, әжелерін, апа-қарындастарын және мұғалімдерін керемет мерекемен құттықтағысы келді.
Зал әсем безендірілді .
Қыздар мен ұлдар өздерінің аналары мен әжелерін құттықтап, оларға мерекелік өлеңдер айтты, ән айтты, би биледі. Ата-аналар да бағдарламаның белсенді қатысушылары болды және өз балаларына үлгі көрсете отырып, тапқырлық, шапшаңдық пен ептіліктерін көрсетті.
Мереке соңында балалар залда отырған барлық әйелдерге өз қолдарымен жасалған сыйлықтарын сыйлады.