Текст
24 тамызда Pixel IT-үйірмесінде "Электрондық цифрлық қолтаңба" тақырыбында сабақ өтті. Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы. ЭЦҚ ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын пайдалана отырып, ақпаратты түрлендіру нәтижесінде қалыптастырылады. Оқушылар жеке тұлғалар үшін ЭЦҚ пайдалану мүмкіндіктерін қарастырды, бұл мемлекеттік қызметтерді алу, тұрғын үйге, балабақшаға кезектерді қадағалау, онлайн-төлемдерді жүзеге асыру және тағы басқалар.
Трофименко Ю. С.