Текст
Қазақ халқы дәстүрлерге бай: бала туу, үйлену тойы, қыз ұзату және тағы басқалары. Бүгін «Тілі байданың ойы да бай» лингвистикалық мектебінде оқушылар қазақ халқының салт-дәстүрлерімен танысты.Алдымен олар білетін немесе көрген дәстүрлері туралы айтты. Тақырыпқа байланысты бейнебаян көріп білімдерін толықтырды. Мәтінді оқығаннан кейін оқушылар қандай дәстүрлер туралы айтып отырғанын анықтады. Сабақ соңында оқушылар қазақ дәстүрлері туралы мақал-мәтелдерді естеріне түсірді.
Жумашова А.М.