Текст
Бүгін бастауыш буында «Тыңдаймын және естимін» тақырыбында сынып сағаты өтті. Осы сынып сағатының мақсаты «тыңдау» және «есту» ұғымдары туралы білімді қалыптастыру және оларды ажырата білу болды. Сынып сағаты барысында оқушылар өз қиындықтарын түсініп, оларды жеңуге тырысты; өз іс-әрекеттерін, өзін-өзі бағалауды жүргізді; оқу іс-әрекетінің мақсаты мен оның мотиві арасында байланыс орнатты. Сынып сағатының соңында оқушылар «тыңдау» және «есту» ұғымдарын ажырата алды.