18.07.2023
2023 жылдың 17 шілдесінде мектепке білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің өкілдері келді. Сапардың мақсаты мектептің оқу жылының басына дайындық дәрежесін тексеру болды. Жалмуханова Жанылсын Утегенқызы және Есжанова Гульнар Даутқызы "Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Атбасар қаласының № 5 жалпы білім беретін мектебі" КММ ғимаратына күрделі жөндеу жүргізудің барысымен танысты.
Олар құрылыс жұмыстарының барысы мен сапасына және олардың аяқталу мерзімін білді. Мектептегі бала саны мен материалдық базасы туралы мәлімет алды. Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінді.
Самсонова Г.Н.