05.07.2023
Бүгін сабақ алдағы мереке - Астана күніне арналды. Балаларға "Астана - біздің мақтанышымыз" тақырыбында тарихи медиаэкскурсиясы ұсынылды. Медиаэкскурс Елорданың тарихы туралы ақпаратты көрсетеді. Биыл Астана өзінің 25 жылдық мерейтойын атап өтеді. Біздің Республикамыздың астанасы мемлекетіміздің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін бейнелейді, елдің өсіп келе жатқан қуатын және оның одан әрі дамуының жоғары әлеуетін көрсетеді.
Таскунбаева А.