05.07.2023
"Березка" мектеп жанындағы лагерінің жұмысы "Жақсы жаңалықтар эстафетасы" психологиялық ойынынан басталды. Елорда күніне орай "Менің Астанам" атты сурет байқауы өтті. Байқау жеңімпаздары Корепанова Кристина, Ермоленко Лера, Корбан Таисия, Петренко Маргарита болды. Балалар Қазақстанның ең әдемі жерлеріне виртуалды саяхатқа қуана қатысты. Спорттық сағат өткізу барысында балалар эстафеталарға қатысып, кегль ойынында дәлдікпен жаттықты, доппен,арқан тартысу және қазақтың ұлттық ойындарын ойнады.
Л.В. Дюбкина, М.Н. Тухель