22.06.2023
Бүгін "Мемлекеттік тілді үйіренейік" үйірмесінің сабағында балалар өткен тақырыптар бойынша құрастырылған қызықты кроссвордтар мен ребустарды шешті. Кроссвордтарды, ребустарды шешу оқушылардың ойлауын дамытуға ықпал етеді, өз ойларын нақты, логикалық және қысқаша жеткізуге үйретеді. Кроссвордтар негізінен эрудицияны дамытуға, сөздік қорын кеңейтуге, есте сақтауды, зейінді жаттықтыруға арналған интеллектуалды ойындар болып табылады. Сабақ барысында балалар таныс, бірақ ұмытылған терминдерді есіне алды, сөздік қорын жүйеледі, әртүрлі терминдердің емлесін нақтылады, ребустарды өз бетінше құрастыруды үйренді.
Мустафина Б.К.