«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №5 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа №5 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Қазақстан халықтарының бірлігі күні"

28.04.2023
Қазақстан халықтарының бірлігі күні-біздің орасан зор көпұлтты еліміздің әрбір тұрғыны үшін түрлі-түсті, маңызды күн.
Оқушыларды әлеуметтік маңызы бар құндылықтарға тәрбиелеу, ұлтаралық және этносаралық қатынастар мәдениетін арттыру, өз елі үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру мақсатында мектепте Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған жиын өткізілді. Іс-шараның жүргізушілері Карибаев Еркенбұлан пен Сагинтаева Адина балаларға мерекенің пайда болуы туралы айтып берді. "Бұлбұлдар әні" хор студиясы мен Исиченко Г.В. жетекшілігімен "Гармония" вокалдық тобы музыкалық нөмірлер дайындады. Бастауыш сынып оқушылары халықтар достығы туралы өлеңдер оқыды. Бұл күні барлық қатысушылар достық, ынтымақтастық атмосферасына еніп, жағымды эмоцияларға бөленді.
Барлық уақытта халықтың бірлігі біздің еліміз үшін саяси және рухани жағынан басты ұлттық идея болды және болады. Бұл біздің өткенімізді, бүгінімізді және болашағымызды байланыстыратын тарихи негіз. Баршамызды Қазақстан біріктіреді және Отанға деген сүйіспеншілігіміз ортақ игілікке қызмет етсін!
Сыздыкова Л. В
Просмотров: 248


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст