Текст
2023 жылғы 24 сәуірде "ОШ№5" КММ-де Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орайластырылған "Еңбекті қорғау жөніндегі ережелер" іс-шарасы өтті. Іс-шараға мектеп ұжымы қатысты. Барлық қатысушылар аталған іс-шараның маңыздылығын атап өтіп, жекелеген мәселелерге, объектілердегі еңбекті қорғау тәртібінің ерекшеліктеріне, қорғау заңнамасына тоқталды. Іс-шара соңында "Еңбекті қорғау бойынша үздік білгірлер" ойынын өткізді. Жеңімпаздарға грамоталар табысталды.
"ОШ№5" КММ ЕҚБ төрағасы: Филонова В. В.